“Таза Қазақстан” эко-акциясы аясында Абай ауданының барлық ауылдық округтерінде күзгі ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Экологиялық бастаманың нәтижесінде аудан бойынша алма, мойыл және қылқан жапырақты ағаш түрлерінен барлығы 2000 түп ағаш отырғызылды.🌳 Іс-шараға тұрғындар, мекеме қызметкерлері белсене атсалысып, жалпы саны 510 адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, қоршаған ортаны тазарту жұмыстары да қатар жүргізіліп, 12 тоннаға жуық қоқыс сыртқа шығарылды. Мұндай игі істер табиғатты аялауға, жасыл желек көлемін арттыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. Игі шараға қатысқан барлық азаматқа алғыс білдіремін.