Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын қорытындылау жиыны өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын қорытындылау жиыны өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын қорытындылау жиыны өтті

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлының төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын қорытындылауға арналған жиын өтті.

Жиынға мәслихат төрағасы М.Нұрсұлтанұлы, мекеме мен бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мерейтой ұйымдастыруына атсалысқан сала мамандары қатысты.

Аудан әкімі жиында сөз сөйлеп, мерейтой іс-шараларын жоғары деңгейде өткізуге белсенді үлес қосқан азаматтарға шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ, мерейтой аясында қажырлы еңбек еткен азаматтарға Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерекелік төсбелгісі, облыс әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды.