Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – жүрегі Абай деп, елі үшін соққан елжанды азаматтардың береке-бірлігін айқындаған рухани мереке болды.

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – жүрегі Абай деп, елі үшін соққан елжанды азаматтардың береке-бірлігін айқындаған рухани мереке болды.

«Абай тойы – бірліктің жемісі»

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – жүрегі Абай деп, елі үшін соққан елжанды азаматтардың береке-бірлігін айқындаған рухани мереке болды.

Бүгін осы айтулы шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, демеушілік көрсеткен жомарт жүректі ел азаматтарына құрмет көрсетілді.

Салтанатты жиында аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы елдің намысы сынға түскен шақта қолдау білдірген жандарға шынайы алғысын білдіріп, өздерінің бұл істері нағыз патриотизмнің көрінісі екенін атап өтті.

Іс-шара барысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойының жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосқан ел азаматтарына облыс әкімінің арнайы Алғыс хаттары мен ұйымдастыру алқасының шешімі бойынша Абай тойының мерекелік төсбелгілері салтанатты түрде табысталды.

Шара «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің мерекелік концертімен жалғасты.