Прием граждан

Прием граждан

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау бекітілген жұмыс кестесіне сай өткізілді. Кездесуге тиісті сала өкілдері мен тұрғындар қатысты. Тұрғындар тарапынан негізінен тұрғын үймен қамту және тұрақты жұмысқа орналасуға байланысты мәселелер көтерілді. Аудан басшысы әрбір өтінішке заң шеңберінде жауап беріп, айтылған мәселелерді шешу мақсатында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.