Жидебайда 4G интернет желісі іске қосылды

Жидебайда 4G интернет желісі іске қосылды

Абайдың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Жидебай музей-қорығына Beeline ұялы байланыс операторының интернет желісі іске қосылды.

🔠Облыс әкімі Берік Уәли туристер ең көп келетін қасиетті орынға орнатылған антенна-діңгекті құрылғының жұмысымен танысты.

Жоба Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылды.

Бөрілі елді мекенінде антенна-діңгекті құрылғы орнату жұмысы тамыз айында аяқталады.

Осыдан кейін ауданымыз облыстағы алғашқы 100 пайыз интернетпен қамтылған аудан атанады.