БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

Абай облысында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, өңір журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Облыс әкімінің арнайы сыйлығы және Алғыс хатымен аудандық “Абай елі” газетінің редакторы Жібек Акрам және “Ұлылар елінің ұрпақтары” атты республикалық журналының редакторы Анар Сарсенбина марапатталды.

Жерлестеріміздің кәсіби мереке қарсаңындағы марапаттарымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық шабыт, мықты денсаулық және табысты еңбек тілейміз!