Абай ауданы – жалпыкомандалық есепте екінші орын!

Абай ауданы – жалпыкомандалық есепте екінші орын!

Абай ауданы – жалпыкомандалық есепте екінші орын!

Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған ауыл спорт ойындарында Абай ауданы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Облыс әкімі Берік Уәли жеңімпаз спортшыларды салтанатты түрде марапаттап, аудан спортшыларына арнап автобустын сертификатын табыс етті.

Үш күнге созылған сайысқа өңірдің 10 ауданынан мыңға жуық спортшы қатысып, ұлттық спорт түрлері мен командалық жарыстар бойынша 16 спорт түрінен бақ сынады.

Бұл жеңіс Абай ауданы спортшылары мен бапкерлерінің қажырлы еңбегінің, ұйымшылдық пен жоғары дайындықтың жемісі.

Ауданның спорт саласын дамытуға үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта да жеңісті сәттер мен биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Жеңіс құтты болсын!