Қадағалау жұмыстары: Аудан әкімі Қарауыл ауылындағы жөндеу және абаттандыру жұмыстарымен танысты

Қадағалау жұмыстары: Аудан әкімі Қарауыл ауылындағы жөндеу және абаттандыру жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы Қарауыл ауылында жүргізіліп жатқан жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады.

Алдымен аудан орталығындағы орталық алаңда бой көтеріп жатқан Арбат құрылысының мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жұмыс сапасы мен мерзіміне қатысты нақты тапсырмалар берді.

Осыдан кейін аудан орталығындағы басты көшелердің бірінде орнатылған LED-экранның жұмысын көрді. Айта кету керек, алдағы уақытта дәл осындай тағы екі LED-экран іске қосылмақ.

Мейіржан Серікбосынұлы аудан тұрғындарын жеке қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің орындалу барысына да назар аударды. Атап айтқанда, Мамай көшесіндегі балалар ойын алаңында бұзылған элементтердің қалпына келтірілгенін барып көріп, жауапты сала басшыларына абаттандыру жұмыстары бойынша қосымша тапсырмалар жүктеді.