Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға тиісті сала мамандары мен тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік көмек көрсету, тұрақты жұмысқа орналасу сынды мәселелерді көтерді. Аудан басшысы әрбір сұраққа заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешу үшін жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.