11.06.2025 жылы аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлының төрғалығымен кезекті әкімдік отырысы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы, әкімдік мүшелері, мекеме, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес 3 баяндама мен 2 ақпарат назарға алынды.
Ең алдымен, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен екі айлық тазалық айлығы бойынша ауданда жүргізілген жұмыстардың барысы туралы жауапты сала басшысының баяндамасы тыңдалды. Баяндамаға сәйкес, акция әлі де тиісті деңгейге сай жүргізілмей жатқанын аудан әкімі айтып, мекеме, бөлім басшыларына тазалықты өздерінің мекемелерінен және үй аулаларынан бастау керектігін баса айтты. Осы уақыттқа дейін тапсырылған жұмыстардан қорытынды жоқ екендігін жеткізіп, заң аясында әкімшілік айыппұл салынатынын ескертті. Акция жыл көлемінде жалғасатынын атап өтті.
Сонымен қатар, ауданда туризмді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қатаң мал азығын дайындау, шөп шабу бригадалары ұйымдастыру бойынша тиісті бөлім басшыларының есебі назарға аланды.
Күн тәртібіндегі, ауыл шаруашылық техникаларын мемлекеттік тіркеуден және жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, «Жасыл ел» жасақтарының жазғы еңбек маусымында атқарылатын жұмыстары туралы жауапты басшылардың ақпараты тыңдалды.
Сонымен қатар, ауыл әкімі Е.Дүйсембековке, ШЖҚ «Риза» КМК-нің директорының м.а. Б.Мәнзал мен саябақтарға жауапты мекеме басшыларына егілген гүл мен отырғызылған талдарды уақытылы күтіп баптауды және абаттандыру жұмыстарын да баса назарға алуды тапсырды.