2025 жылдың 04 мамыр күні Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45 –бабына, 113-11 бабының 1) тармағына сәйкес, 2025 жылдың 05 мамырындағы шешімімен Құсайынов Алмат Талғатұлы Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бүгін аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы және Абай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Думан Маратұлымен арнайы Қасқабұлақ ауылдық округіне барып, жаңадан сайланған әкімді ұжыммен таныстырды.
Ауыл ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар жаңа әкімге қолдау білдіріп, сәттілік пен жемісті еңбек тіледі.
Алмат Талғатұлының жаңа қызметіне табыс тілейміз! Ел сенімін ақтап, Қасқабұлақ ауылдық округінің дамуы мен гүлденуі жолында абыройлы еңбек атқарады деп сенеміз.