Абай ауданының Қарауыл ауылдық округі әкімінінің сайлауын тағайындау туралы

Абай облысы

Абай аудандық  сайлау комиссиясының

10 ҚАУЛЫСЫ

 

01 қараша 2023 жыл                                                        Қарауыл ауылы

 

Абай ауданының Қарауыл ауылдық округі әкімінінің сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Абай аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай ауданында 2023 жылдың 10 желтоқсанына Қарауыл ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылдың 10 желтоқсанына тағайындалған Абай ауданының Қарауыл ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі Күнтізбелік іс-шаралар жоспары  бекітілсін.
  3. Осы қаулы Абай ауданы әкімінің интернет-сайтында және аудандық «Абай елі» газетінде жариялансын.

 

 

Сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                                       Т.Ерденбеков

 

Сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                                       Е.Дүйсембеков                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 ноября 2023