📲 eGov Mobile қосымшасында шетелде алынған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды тану қызметі қолжетімді. Қызмет шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне Қазақстанда жұмысқа орналасу немесе оқуын жалғастыру үшін дипломын ресми түрде растауға мүмкіндік береді.
💻 Қызметті eGov Mobile қосымшасынан алу нұсқаулығымен карусельден таныса аласыз. Айта кетейік, бұл қызмет eGov.kz порталында «Білім» - «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім» бөлімінде қолжетімді.
📌 Қызмет нәтижесінде пайдаланушы дипломды тану туралы электрондық құжатты немесе заңда көрсетілген негіздер бойынша дәлелді жауап алады.