Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыра алады. Бұл қызмет құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған, құжат жоғалған, ұрланған немесе төлқұжат деректері өзгерген жағдайда қолжетімді.
📇 Қызметтің басты ерекшелігі – бұрын берілген жеке куәлік немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі. Негізгі шарт – фотосуреті бар құжат соңғы үш жыл ішінде шығарылған болуы тиіс.
📍Өтінім мақұлданғаннан кейін жүргізуші куәлігін таңдаған ХҚКО-дан жеке куәлікті және қолданыстағы жүргізуші куәлігін ұсыну арқылы алуға болады.
💻 Айта кетейік, қызмет eGov.kz порталында да қолжетімді.