"Базар" су қоймасы

"Базар" су қоймасы

2025 жылдың 13 наурыз күні Ақсуат ауданына Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Куанышев Ербол Усенгалиевич, Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Тұмарбек Асқар, "Қазсушар" РМК ШҚФ директорының орынбасары Мұхамедкалиев Досжан Саятұлы және "Абай су қоймалары" КММ басшысының орынбасары Бергенмурзинов Әділет Аманғазұлы арнайы іс сапармен келіп, "Базар" өзенінің жоғарғы бас жағындағы тау беткейінен "Базар" су қоймасы салынатын жерді көріп қайтты.
Бүгінгі күні Базар су қоймасы құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздеме құжаттары биылғы жылы дайындалу үстінде. Базар су қоймасын салу Көкжыра, Сәтбаев, Ырғызбай ауылдық округтерінде орналасқан шаруашылық құрылымдарына суармалы егістік жерлерді игеруге, шаруалардың суармалы егістік жерлеріне маусымдық қажетті су тапшылығын болдырмауға орасан зор мүмкіндіктер берер еді. Ауданымыздың Агроөнеркәсіп кешені саласының қарқынды дамуы үшін мал шаруашылығының жем-шөп қорын құнарлы мал азықтық дақылдармен нығайтуға және де халықтың әлеуметтік-эконмикалық жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізері сөзсіз.
Облыстан келген делегациямен аудан әкімінің орынбасары Мерей Қайырбеков, Ақсуат ӨПУ басшысы Кенжебек Шыныбаев бірге аралады