
💡Фармацевтикалық қызметке лицензия – бұл ұйымға фармацевтика саласында қызмет жүргізуге құқық беретін міндетті құжат. Лицензия түрлі қызмет түрлерін қамтиды, мысалы, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау, дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада сату, сондай-ақ олардың өндірісі.
💻Өтінім беруші лицензияны алу үшін:
− elicense.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» - «Қызметті лицензиялау» - «Фармацевтикалық қызмет» бөлімін таңдау қажет;
− қажетті қызмет түрін таңдап, «Әрі қарай» батырмасын басу керек;
− қызмет паспортында қажетті құжаттар тізімімен танысып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет;
− лицензия берушіні таңдап, қажетті мәліметтерді толтырып, лицензиялық алымды төлеу керек;
− өтінімді ЭЦҚ немесе QR-код арқылы қол қою арқылы жіберу қажет.
📌Лицензияны алу құны 10 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды, ал рәсімдеу процесі 15 жұмыс күнін алады. Лицензияны қайта рәсімдеу өтінім берушіге бекітілген мөлшерлеменің 10%-ын құрайды және бар болғаны 3 жұмыс күні ішінде аяқталады.