
💡Сервис пайдаланушыларға сатып алудың алдында көліктің тарихын тексеруге көмектеседі. Тексеру үшін әлеуетті сатушыдан көліктің мемлекеттік нөмірін және техникалық паспорт нөмірін білу қажет.
📌«Көлік тарихы» сервисінен төмендегі ақпаратты алуға болады:
- автомобиль маркасының атауы және шығарылған жылы;
- қозғалтқыштың көлемі, көліктің түсі және қосымша орнатылған жабдықтың болуы;
- ҚР аумағында автокөлікті алғашқы тіркеу күні;
- автокөлікті қайта тіркеу күндерімен бұрынғы иелерінің жалпы саны (меншік иелері туралы дербес деректер көрсетілмейді);
- көлік құралына кепілдің немесе ауыртпалықтың болуы.
🔎Автокөлік туралы ақпарат алу үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Көлік тарихы» сервисін таңдаңыз;
- «Автомобильдің мемлекеттік нөмірі (МТНБ)» және «Автокөлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірін (КҚТК)» енгізіңіз;
- Автомобиль туралы ақпаратпен танысыңыз☑️