eLicense.kz порталында дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтерге лицензияны алуға болады

eLicense.kz порталында дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтерге лицензияны алуға болады

👥Лицензияны жеке кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да ала алады.

⚙️Лицензия беру үшін пайдаланушыға:
- elicense.kz порталына кіріңіз және «денсаулық сақтау» бөліміне өтіңіз;
- қызметтер тізбесінен «Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензия беру» таңдаңыз;
- барлық қажетті өрістерді толтырыңыз, файлдарды жүктеңіз және мемлекеттік бажды төлеңіз;
- ЭЦҚ/QR көмегімен қызметке қол қою қажет.
 
⏰Қызмет көрсету мерзімі жаңа лицензия алу үшін 15 жұмыс күнін және қолданыстағы лицензияны қайта ресімдеу үшін 3 жұмыс күнін құрайды. Лицензия беру кезінде 10 АЕК мөлшерінде, 1 АЕК қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алым төленеді.

❗️Аталған лицензияны 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін алуы міндетті екенін ескертеміз.