Наркологиялық ұйымнан анықтаманы қалай алуға болады?

Наркологиялық ұйымнан анықтаманы қалай алуға болады?

eGov.kz порталында наркологиялық ұйымнан анықтаманы жылдам әрі ыңғайлы түрде алуға болады. Анықтама алу үшін:

- egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
- басты бетте «Азаматтарға» - «Денсаулық сақтау» - «Медициналық көмек» бөлімін таңдаңыз;
- «Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;
- қызметті кім үшін сұратып жатқаныңызды таңдаңыз: өзіңізге, балаңызға немесе заңды өкілге:
- қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қойыңыз.

📲Сондай-ақ қызметті eGov mobile қосымшасында «Қызметтер» - «Денсаулық сақтау» - «Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» бөлімінде алуға болады.

✅Сұрау сәтті өңдеген жағдайда сіз 30 минут ішінде анықтама аласыз.