Абай облысының креативтері жастары IT саласын дамытуда

Абай облысының креативтері жастары IT саласын дамытуда

Абай облысының креативтері жастары IT саласын дамытуда

Шығармашылық индустрия- еліміздегі салыстырмалы түрде дамып келе жатқан жаңа бағыт. Мемлекет басшысының өзі осы саланы дамыту қажеттігі туралы бірнеше мәртте жиындарда көтерген. Абай облысында да IT бағытындағы креативті индустрия қарқынды дамып келеді, оның ішінде: басқа салалармен бірігіп жасаған жобалар қатары көбеюде. Соның бірі «Digital Elimai» мобильді қосымшасы.
QR-код арқылы тегін жұмыс атқаратын қосымшаны студенттер тобы әзірлеген.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Abay it-Valley технологиялық кластерінің негізін қалаушы Асхат Бейсембаев баяндады.

— Біз Abay it-Valley резиденттері әзірлеген қосымшаны алдарыңызға ұсынып отырмыз. Қосымша "Елімай" ФК үшін арнайы әзірленген және челлендж-ойынның бір түрі болып табылады. Қолданылуы өте қарапайым. Сіз қосымшаны жүктейсіз, оған тіркелесіз, "Елімай" ФК өңірімізде өткізген, яғни үйдегі матчтарына "Спартак"стадионына келесіз. Матч басталғанға дейін, үзілісте және соңғы ысқырықтан кейін QR коды таблода көрсетіледі, оны қосымшаның көмегімен сканерлеу керек. Ол үшін ұпайлар беріледі. Маусымның соңында, үй матчтары аяқталған кезде, егер сіз белгілі бір шекті мәнге ие болсаңыз, жүлделер ұтысына қатысуға құқығыңыз болады, - деді Асхат Бейсембаев.

Қолданба негізінен футбол және IT шығармашылық индустрияның бірігуі болып табылады. Қазақстанның спорт клубтарында мұндай қосымшаның тікелей аналогы әлі жоқ. Сондай-ақ, Асхат Бейсембаев қосымшаны әзірлеуге мемлекеттік бюджет немесе қандай да бір демеушілік қаражат жұмсалмағанын да атап өтті.

- Қосымша тек, Alikhan Bokeikhan University студенттерінің ынта-жігерімен әзірленді. Әзірлеушілер тобын Арыстан Қанафин басқарады. Ойынға қатысу тегін, қосымшаның өзі Play Market-ке де тегін жүктеледі. Сонымен қатар, осы мүмкіндікті пайдаланып, мен медициналық студенттерге бағытталған тағы бір қосымшаны жариялағым келеді. Бұл, оларға партограмма сияқты құжатты толтыруға көмектеседі. Партограмма-бұл ДДҰ ұсынған өте маңызды құжат және босанған әйел ауруханаға түскен кезде толтырылады. Ол босанған әйелге сауатты медициналық көмек көрсетуге кепілдік береді. Жобаны балалар жасады, ол да тегін, - деп толықтырды Асхат Бейсембаев.

Әзірлеуші Арыстан Қанафин өзі және оның командасы үшін Samsung Еducation Сampus-та алған теориялық дағдыларын практикалық қолдану ерекше маңызды екенін жеткізді.

–Командамыздың мүшелері өте мықты. Осы орайда Айдос Имантаевты ерекше атап өткім келеді. Ол команданың матчтары туралы мәліметтерді өзектендіруге көмектесті, сонымен қатар менің түлегім Илтипат Жорабек орыс тілінен қазақ тіліне аударуға жақсы жұмыс атқарды. Мен кодты жазуға және қосымшаның дизайнына жауап бердім, - деп бөлісті Арыстан Қанафин.

Қорытындылай келе, Асхат Бейсембаев Abay it-Valley технокластері түрлі жобаларды, соның ішінде медицина саласында да әзірлеуді жалғастыратынын айтты.