Сауда оындарындағы өрт қауіпсіздігі

Сауда оындарындағы өрт қауіпсіздігі

Сауда оындарындағы өрт қауіпсіздігі.

       Тілсіз жау – өрт, адам баласына өз зиянын келтіріп, материалдық шығынмен қоса адам өмірін де қиып жатыр. Мәліметтерге сүйенсек өрт салдарынан болған материалдық шығындар үкіметтің емес жеке кәсіпкерлердің, жеке саудамен айналысатын азаматтардың қалтасын таяздатып отыр. Сауда базарларында орын алған өрт оқиғалары негізгі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан, сондай-ақ, өрттің алдын алуға қарсы іс-шараларды орындауға немқұрайлы қарауы салдарынан, нысандарды қорғауда өртке қарсы мәселелерді шешуге мән бермеуден, қажетті ұйымдастыру шараларын атқармаудан болып отыр.

       Қазіргі уаќытта күн көріп нан табудың бір түрі сауда болғандықтан, саудамен айналысатын азаматтар өз сауда орындарыңызда өрт оқиғалары орын алмас үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыздар. Сауда орындырында электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіздер, автоматты өрт дабыл қондырғыларының үнемі дұрыс жұмыс күйінде болуын қадағалау, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексеріңіз, эвакуциялық шығу жолдарын ашық болуын қадағалаңыздар. Сауда орындарында өрт оқиғасы болмас үшін барлық талаптарды орындау өз қауіпсіздігіңіздің кепілі.