
💡Бүгін «Ұлттық қор - балаларға» жобасы аясында eGov mobile мобильді қосымшасында балалардың деректерін көрсету туралы ақпаратпен бөлісеміз.
Қазақстандық әр бала Ұлттық қордан төлем алады. Бүгінгі күні eGov mobile мобильді қосымшасы деректер базасында тіркелген барлық балаларды көрсетеді.
❗️Бірақ кейбір ата-аналарда цифрлық құжаттар бөлімінде балалары көрінбейтін немесе қате көрсетілетін жағдайлар да кездесіп жатады, бұл олардың төлем алмайтынын білдірмейді, тек цифрлық құжаттарда ата-ана мен баланың арасындағы қарым-йқатынастың анықталмағанын білдіреді.
❓Оны түзету үшін не кажет?
- Цифрлық құжаттарда ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты орнату үшін eGov Mobile қосымшасын соңғы нұсқаға дейін жаңарту қажет, одан кейін «Отбасы» бөлімінде цифрлық құжаттарда «Баланы қосу» батырмасы болады.
- «Баланы қосу» батырмасын басқан соң, «Балалар туралы ақпаратты жаңарту» қызметі ашылады, онда барлық қажетті жолдарды толтыру керек, туу туралы куәлікті тіркеп, өтінішке қол қою қажет.
⏰ Өтінішті жібергеннен кейін 2-ден 5 жұмыс күніне дейін күту керек, өтінішті АХАТ қызметкерлері өңдейді. Өтініш өңделгеннен кейін сізге хабарлама келеді.
Өтініш өңдегеннен кейін балаңыз цифрлық құжаттардағы «Отбасы» тізімінде пайда болады.