
Қолданушылар құжаттарды жиі жоғалтады, бірақ оларды қалпына келтіру процедурасын туралы біле бермейді
Бүгін біз туу туралы куәлікті қалай қалпына келтіруге болатынын айтамыз. Ол үшін сізге:
• eGov.kz порталында «Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу» қызметіне өтінім беру керек;
• Барлық қажетті жолдарды толтырып, мемлекеттік БАЖ-ды төлеп, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою керек;
• Өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысқаннан кейін куәліктің төлнұсқасын алу үшін хабарламамен және жеке басын куәландыратын құжатпен ХҚКО-на бару қажет.
Өтінім беру нұсқаулығы
eGov.kz порталында авторизациядан өту керек
«Азаматтарға» - «Отбасы» - «Бала» бөліміне өтіңіз
«Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу» қызметін тандап
«Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз
Куәлікті кімге алу керектігін таңдау қажет: өзіңізге немесе балаға
Ата-аналардың біреуі туралы мәліметтерді көрсету қажет
Құжатты алғыңыз келетін халыққа қызмет көрсету орталығының ауданы мен филиалын таңданыз
Төлем жасаңыз