Әлеуметтік қызмет eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

Әлеуметтік қызмет eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

eGov.kz порталында зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы қалай алуға болады?
Қызметті алу үшін келесі нұсқаулықты орындау жеткілікті:
- egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
- басты бетте «Азаматтарға» → «Әлеуметтік қамтамасыз ету» → «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімін таңдаңыз;
- «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;
- зейнетақы кезеңін көрсетіңіз;
- содан кейін тексеруге сұрау салуға қол қою қажет.
Қызмет көрсету нәтижесі 15 минут ішінде eGov.kz пайдаланушысының Жеке кабинетіне жіберіледі.