E-license порталында Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісіне аккредиттеу туралы куәлік беру қызметі қолжетімді
Қызметті алу үшін пайдаланушыға elicense.kz порталында өтініш толтырып, ұйым мамандары туралы мәліметтерді көрсету керек. Электрондық өтініш мемлекеттік органға және «Е-лицензиялау» порталына келіп түседі. Өтініш өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметтің нәтижесі пайдаланушының «Жеке кабинетінде» «Менің рұқсат беру құжаттарым»модуліне жіберіледі.