Ерсін Кәдірбекұлының төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті

Ерсін Кәдірбекұлының төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті

Бүгін аудан әкімі Ерсін Кәдірбекұлының төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтіп, оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күнтәрті бойынша төмендегідей мәселелер қаралды:

1) “Ауданның 2026 жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамды орындалуы туралы” аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Әбілбеков;

2) “Жастар саясатын іске асыру барысы туралы” аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Әлихан;

3) “100 жаңа жұмыс орнын құру бойынша жоспар-тапсырмасының орындалуы туралы” аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бғдарламалар бөлімінің басшысы М.Кенжин;

4) “Ветеринариялық қызметтердің жұмысы және аудандағы эпизоотиялық жұмыстарды қамтамасыз ету туралы” Абай облысы ветеринария басқармасының “Облыстық ветеринариялық қызмет” ШЖҚ КМК-ның Ақсуат аудандық бөлімінің басшысы Қ.Бектасов баяндама жасады.

Күнтәртібінде қаралған мәселелер аясында аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.