«Ақсуат ауданындағы көпбалалы аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешу жөніндегі аудандық қоғамдық комиссияның» отырысы өтті

«Ақсуат ауданындағы көпбалалы аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешу жөніндегі аудандық қоғамдық комиссияның» отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары Тілек Еркінғазыұлының төрағалығымен «Ақсуат ауданындағы көпбалалы аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешу жөніндегі аудандық қоғамдық комиссияның» отырысы өтті.Оған комиссия мүшелері қатысып, бірқатар мәселе қаралып талқыланды.Атап айтқанда,

1)«Көпбалалы аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй кезегіндегі нақтылықтармен тұрғын үй бөлу және олардың сапасын тексеру жөніндегі жұмыстар» туралы аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Смағұлов;

2)«Көпбалалы аз қамтылған отбасылардың дене шынықтыру, спорт орталықтарына қолжетімділігін ұйымдастыру (жаттығу залдарына баруын т.б.)» туралы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Дәуренбекұлы;

3)«Ойшілік, Қызылкесік, Сәтбаев ауылдық округтердегі көпбалалы аз қамтылған отбасылардың мәселелері жөніндегі ағымдағы жылғы есебі» туралы Ойшілік ауылдық округінің әкімі Ә.Бейлғожин, Қызылкесік ауылдық округінің әкімі Ә.Қабдолов, Сәтбаев ауылдық округінің әкімі Г.Аханжанова баяндама жасады.

Жиында комиссия мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, оған нақты жауаптары берілді. Сонымен қатар, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылып, назарға алынды.