
Абай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ филиалы 2026 жылдың басынан бері өңір тұрғындарына зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы түрінде 56,6 млрд теңгеден астам қаражат жіберілгенін хабарлайды. Әлеуметтік қолдауды 279 мыңнан астам адам алады.
Осылайша, мемлекеттік төлемдер аймақ халқының едәуір бөлігін қамтиды және әлеуметтік қолдаудың негізгі шараларының бірі болып қала береді.
Қаражаттың басым бөлігі зейнетақы төлемдеріне - 50,5 млрд теңгеден астам, ал мемлекеттік жәрдемақыларға 6,1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды.
Ай сайын төлемдерді қамтамасыз етуге шамамен 21,4 млрд теңге жұмсалады, бұл жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың тұрақтылығы мен жүйелілігін растайды.
Жыл басынан бері облыстың ХҚКО-ларына зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін 16 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл халық арасында осы қызметтерге сұраныстың жоғары екендігін айғақтайды.
"Зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау бойынша жұмыс штаттық режимде жүргізілуде. Қызметтер уақтылы және толық көлемде көрсетіледі", - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ облыс бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Абай Мұрат Өмірзақов.
Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініш беру үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет.