«Құқық кабинеттері» тұрғындарға ашық қызмет алаңы.

«Құқық кабинеттері» тұрғындарға ашық қызмет алаңы.

2024 жылы Мемлекет басшысының азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту туралы тапсырмасын орындау мақсатында әрбір ауылдық округ бойынша «Құқық кабинеттері» ашылып, жұмыс жасауда.
Бүгінде барлық ауылдық округтерде жұмыс істеп тұрған бұл кабиннеттер тұрғындарға құқықтық ақпаратты тез әрі қолжетімді түрде алуына жағдай жасап отыр.
«Құқық кабинеттері» қажетті компьютерлік техникалармен жабдықталған.
Бұл бастама азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге және мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдетуге бағытталған маңызды қадам.
Айта кетейік, аудан бойынша «Құқық кабинеттері» ауылдық округ әкімі аппаратында орналасқан.