Ақсуат ауылында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

Ақсуат ауылында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

Игілікті шарада аудан әкімі Ерсін Кәдірбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімі Берік Уәлиұлының тапсырмасымен, азаматтық қорғау жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отырғандығын, бүгінгі іс-шара соның айқын дәлелелі екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, өрт сөндіру кілтін арнайы табыстауға келген Абай облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Алимкин Данияр Сәкенұлына өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ, ізгі лебізін айтқан Ақсуат ауданы өрт сөндіру мекемесінің зейнеткері Сайлаубаев Бауыржан Қалтайұлы бұл тек техникалық жаңару ғана емес, халықтың қауіпсіздігін күшейтуге жасалған нақты қадам екендігіне тоқталды.

Жалпы, Ақсуат ауданы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және дер кезінде жою мақсатында аудан аумағында 7 өрт сөндіру пункті жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын іске асыру аясында қазіргі таңда Қызылкесік, Кіндікті ауылдық округтерінде жаңадан өрт сөндіру пункттерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.