Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңес туралы» № 383-V ЗРК Заңына және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Ақсуат аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялайды.
Қоғамдық кеңестің құрамы мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар қатарынан 11 адам болып айқындалды.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңеске кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он (10) жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Ақсуат аудандық мәслихатының электрондық мекен-жайына:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Жұмыс тобының құжаттарды қабылдау мекен – жайы мен уақыты:
Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы, Кәбеков көшесі №17, индекс 180000, 1-қабат, №5 кабинет, байланыс телефоны: 2-10-58, элек.пошта: nukisheva.dina@mail.ru, қабылдау уақыты: сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс: 13:00-14:30.
Құжаттарды қабылдау мерзімі осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде.
Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/documents/details/896592?lang=kk