Талапкерлер eGov.kz порталында білім беру гранттарына өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау 13 шілде күні сағат 09:00-де басталып, 20 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады
📌 Электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру үшін талапкерлер алдын ала бірқатар құжаттарды дайындауы қажет. Өтінімге келесі құжаттардың цифрлық көшірмелері қоса тіркелуі тиіс: білім туралы құжат (аттестат немесе диплом), 3х4 форматындағы фотосурет, сондай-ақ B167 «Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштары ұшуда пайдалану» мамандығына қажет болған жағдайда дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
❗️ Қызмет шеңберінде жекелеген санаттағы студенттер үшін әлеуметтік қолдауға өтінім беру мүмкіндігі де қарастырылған. Мұндай жағдайда тиісті мәртебені растайтын құжаттар – мысалы, ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік, мүгедектік туралы анықтамалар, жетім мәртебесін растайтын құжаттар және Қазақстан заңнамасында көзделген өзге де құжаттар ұсынылуы тиіс.
✅ Қызмет көрсету нәтижесі – білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік. Құжат электрондық форматта беріледі және 2025 жылғы 10 тамыздан кешіктірілмей eGov.kz порталындағы жеке кабинетте қолжетімді болады.
💡Өтінімдер ағынын біркелкі бөлу және пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін eGov.kz порталында күту парағы жаңа функциясы іске қосылды. Бұл жүйе пайдаланушыларды электрондық кезекке тіркеп, өтінім беру қызметін кезекпен ұсынады – парақты жаңартудың қажеті жоқ.
📨 Сонымен қатар, SMS-хабарламалар жүйесі де көзделген: өтінім беру кезінде пайдаланушы «Кезектің жақындауы туралы SMS-хабарлама жіберу» жалаушасын белгілей алады. Пайдаланушының кезегі жақындаған кезде 1414 қысқа нөмірінен тіркелген ұялы телефон нөміріне хабарлама жіберіледі. Егер нөмір Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болса, жүйе оны енгізуді ұсынады – хабарлама көрсетілген нөмірге жеткізіледі.
❗️ Қызметке сәтті қол жеткізу үшін өтінім бермей тұрып браузер бетін жаппау немесе жаңартпау маңызды.