Сіздің үй жануарыңызға арналған цифрлық паспорт – енді eGov Mobile қосымшасында

Сіздің үй жануарыңызға арналған цифрлық паспорт – енді eGov Mobile қосымшасында

 Сіздің үй жануарыңызға арналған цифрлық паспорт – енді eGov Mobile қосымшасында

🐶 Мысық, ит және басқа да үй жануарларының иелері олардың мәліметтерін eGov Mobile мобилді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөлімінен қарай алады.

Барлық мәліметтер TABAN – үй жануарларын есепке алу Біріңғай деректер базасынан жүктеледі. Бұл жүйеде тіркелген барлық жануарлар және оларға қатысты маңызды оқиғалар жазылып отырады.

Паспортта келесі мәліметтер көрсетіледі:
📌 аты, тұқымы, түсі
📌 туған күні және айрықша белгілері
📌 чиптеу, стерилизация, вакцинация
📌 тіркелген және нақты мекенжайы
📌 иесінің ЖСН мен ТАӘ
📌 және басқа да ақпараттар