Телефондағы IMEI арқылы верификация статусын қалай тексеруге болады

Телефондағы IMEI арқылы верификация статусын қалай тексеруге болады

Қазақстандықтар телефондарының IMEI арқылы верификация статусын тексере алады

Енді қазақстандықтар өздерінің мобильді құрылғыларының тіркелген-тіркелмегенін бірыңғай деректер қорының (БДҚ) арқылы өз бетінше тексере алады:
🔹 eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы
🔹 www.gov.kz порталы арқылы
🔹 imei.rfs.gov.kz сайты арқылы

Сервис арқылы сіз:
✔️ құрылғының IMEI-кодының тіркелген-тіркелмегенін біле аласыз
✔️ құрылғыға тіркелген нөмірлер санын көре аласыз
✔️ қажет болған жағдайда — верификациядан өте аласыз

📌 IMEI — бұл әр мобильді құрылғыға берілетін, ұялы байланысқа қолдау көрсететін құрылғыларға арналған бірегей 15 таңбалы нөмір.

Сондай-ақ, ЖСН арқылы тексеру функциясы қолжетімді — сізге тіркелген барлық ұялы нөмірлерді білуге болады.
IMEI бойынша тексеру құрылғыны қанша абоненттік нөмір пайдаланып жатқанын көрсетеді.

✅ Тексеру онлайн, жылдам әрі ыңғайлы түрде қолжетімді.