Ақсуат аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыз жастарға оның ішінде NEET санатындағы жастармен кездесу ұйымдастырылды.

🔶 Мақсаты: NEET санатындағы жастарды мемлекеттік және өңірлік деңгейдегі жұмыспен қамту, білім беру және кәсіптік бағдар беру бағдарламаларымен таныстыру арқылы олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ қоғамға бейімделуіне жағдай жасау.
Негізгі міндеттері:
🔷 Жастарға «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны», «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімі», «Кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары туралы ақпарат беру;
🔷 Кәсіптік оқыту, қайта даярлау курстарына қатысу мүмкіндігін түсіндіру;
🔷 Мамандық таңдауға көмек көрсету және бос жұмыс орындарымен таныстыру;
🔷 Жастардың өмірлік мақсаты мен мотивациясын қалыптастыруға ықпал ету.
🔶Жиын аясында жастарға бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бірқатар жастар жұмыс орындарына сұхбаттасуға жіберілді. Сондай-ақ Жәнтікей ауылынан келген 1 жас қысқа мерзімді курсқа тіркелді