Кіндікті мәдениет үйінде дәстүрлі әнші Мейрамбек Ахметовті еске алуға арналған «Сары бидай» атты аудандық дәстүрлі әншілер байқауы өтті.

Байқауға қатысушыларды ауыл өнерпаздары мен Асыл әжелер ансамблі шашу шашып, қарсы алды.
Кәсіпкер Тыныбаева Ақтоты ханымның тойханасында Мейрамбек ағаның рухына арналып қатым түсірілді.
Байқауды Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Атықанов Ғабитқазы Жанахметұлы сөз сөйлеп ашып, әншілерге сәттілік тіледі. Сайысқа қатысушылар байқаудың ережесінде көрсетілгендей, екі кезең бойынша сынға түсті. І-кезеңде Мейрамбек ағамыздың орындаған дәстүрлі әндерін орындаса, ІІ-кезеңде Мейрамбек ағаның репетуарынан халық композиторларының әндерін орындады.
Дәстүрлі әншілер байқауына Ахметовтер отбасы, Мейрамбек Ахметов ағамыздың сыныптастары, Жұмабаев Боранбай, Ибраймов Бақтияр, Лепесов Қанат, Аманова Майра, Аманова Сайра, Рахымжанов Ұйымхан, Слямов Ербол, Бакишев Жанболат сияқты азаматар мен азаматтар демеушілік жасады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлдені Құмкөл ауылынан Құмарұлы Ерболат, І орын Қызылкесік ауылынан Көбентаев Айқын, ІІ орынды Екпін ауылынан Асанов Бауыржан, ІІI орынды Жәнтікей ауылынан Ахметов Мағзумбек иеленді.
Дәстүрлі әнші Мейрамбек Ахметовтің еске алуға арналған «Сары бидай» атты аудандық дәстүрлі әншілер байқауында үздік өнер көрсеткен әншілер аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Байқау жоғары деңгейде өтті.