
Ақсуат ауданында 20 мың адам тұрса,соның 5мың зейнет жолындағы тұрғындар. “AMANAT” партиясының Ақсуат аудандық филиалында атқарушы хатшысы Тілеуқабыл Конекбаевтың қатысуымен ”Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында зейнет жасындағы адамдардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында аудан орталығындағы және ауылдардағы спорт кешендерінде дене шынықтырумен айналысумен қамтамасыз етуге байланысты пікір алмасу өткізілді. ✅️Оған аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мирас Дауренбекұлы, жастар орталығының директоры Жанасыл Серікқызы, “Тарбағатай” газетінің редакторы, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерғали Жұмахан, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өміртай Секенов және ардагер спортшылар қатысты. Нәтижесінде, арнайы жұмыс кестесі жасалынып, зейнеткерлердің спорт кешендерінде дене шынықтырумен айналысуына қол жетімділігі қамтамасыз етілетін болды.
✔️Қосымша алдағы уақыттарда аудан орталығынан спорттық құрал жабдықтар сататын дүкен ашу, балалар мен жасөспірімдердің аулалық клубтарын құруды қолға алу туралы ұсыныстар берілді.