ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ: СЕМЕЙДЕ ЖАҢА НЫСАН БОЙ КӨТЕРЕДІ

ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ: СЕМЕЙДЕ ЖАҢА НЫСАН БОЙ КӨТЕРЕДІ

Ағымдағы жылдың басынан бастап «Абайға құрмет» бағдарламасы аясында еліміздің аймақтарымен ынтымақтастықты нығайту бағытында маңызды қадамдар жасалуда. Осы уақыт ішінде Қызылорда облысының әкімдігімен Семей қаласының инфрақұрылымын дамыту және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кешенді келісімдер жүргізіле бастады.
📍 Осы бағыттағы жұмыс сапарлары аясында Басқарманың өкілі — «Облыстық сәулет бюросы» КММ директоры Асхат Бәкірұлы Бәкіров пен тиісті сала өкілдері Қызылорда облысының әкімдігінде бірқатар кездесулер өткізді. Келіссөздердің басты мақсаты — жаңа Әкімшілік-іскерлік орталық (ӘІО) аумағында заманауи құрылыс нысандарын жоспарлау және сәулеттік шешімдер бойынша тәжірибе алмасу болды.
🌙 Келісімдердің айтулы нәтижесі ретінде Семей қаласында «Анаға тағзым» орталығын салу жоспарланды. Бұл нысан Қызылорда облысының Абай еліне жасаған ерекше рухани тартуы, сыйға тартқан бірегей жобасы болмақ.
Болашақ орталық:
✨ Аналардың қоғамдағы мәртебесін ұлықтайтын мәдени-ағарту ошағы;
✨ Ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптейтін рухани шаңырақ;
✨ Жаңа Әкімшілік-іскерлік орталықтың сәулеттік көркін ашатын заманауи ғимаратқа айналады.
🤝 Бұл бастама — өңірлер арасындағы бауырластық пен өзара қолдаудың айқын көрінісі. Қызылорда облысының әкімдігімен қол жеткізілген келісімдер облысымыздың әлеуметтік-мәдени әлеуетін арттырып, халық игілігіне қызмет ететін нысандардың көбеюіне жол ашады.