Жер қатынастары: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ашықтық

Жер қатынастары: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ашықтық

📢 Семей қаласында «AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өкілдері қатысты.

🔎 Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу;

«Жер аманаты» жобасы аясында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару;

Жер ресурстарын әділ бөлу және жайылым тапшылығы мәселелерін шешу.

💻 Жиын барысында жер қатынастарының ашықтығын қамтамасыз ететін jerkarta.gharysh.kz геоақпараттық сервисінің жұмысына және цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекетке қайтарылған жерлерді ең алдымен ауыл тұрғындарының мұқтаждығына бағыттау – басым міндет ретінде айтылды.

⚖ Басқарма өкілдері салалық сұрақтарға жауап беріп, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық бақылау комиссияларының бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.

«Біз үшін жер қатынастары саласындағы әрбір шешімнің ашық болуы және заң шеңберінде жүзеге асырылуы маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – біздің күнделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігі», - деп атап өтті сала мамандары.

📍 Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар қамтылған кеңес қаулысы қабылданды.