Семей төрінде «Абай әлемі» бой көтереді

Семей төрінде «Абай әлемі» бой көтереді

«Абайға құрмет» акциясы аясында Атырау облысының қолдауымен Семей қаласында зәулім «Абай әлемі» ғимаратының құрылысы жоспарлануда. Осы маңызды жобаны жүзеге асыру мақсатында кезекті жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында: Абай облысының сәулет және мәдениет басқармаларының өкілдері, бас жобалаушылар мен облыстық кітапхана басшылығы бас қосты.

Талқыланған негізгі мәселелер:
🔹 Болашақ кітапхананың ішкі кеңістігін тиімді жоспарлау;
🔹 Функционалдық аймақтарды заманауи талаптарға сай бөлу;
🔹 Оқырман үшін барынша жайлы, интеллектуалды дамуға арналған заманауи кеңістік құру.

Атырау облысының тартуы ретінде бой көтеретін бұл нысан — екі өңір арасындағы рухани алтын көпір және Абай елінің көркіне айналатын бірегей жоба болмақ.