Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Семей қаласы әкімдігінің бастамасына қолдау білдіріп, қайырымдылық акциясына атсалысты

Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Семей қаласы әкімдігінің бастамасына қолдау білдіріп, қайырымдылық акциясына атсалысты

Қыс мезгілінде мұқтаж жандарға демеу болу мақсатында, басқарма ұжымы әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған 5 азық-түлік себетін жинап, тиісті орталыққа табыстады. Әр себетке күнделікті тұрмысқа қажетті ең маңызды өнімдер жинақталды.
Әрбір жасалған жақсылық — қоғамымыздың бірлігі мен жанашырлығының көрінісі. Қыстың суық күндерінде мұндай көмек отбасылар үшін үлкен медет болары сөзсіз.