«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты жобасын қоғамдық талқылау туралы

«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стандарты жобасын қоғамдық талқылау туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес (сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері әзірлейді және олар заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі) «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасын 2025 жылғы 10-17 қыркүйегі аралығында талқылауға мемлекеттік тілде жарияланады. Ескертпелер мен ұсыныстар m.tolegen@akimatabai.gov.kz электрондық поштасына қабылданады.

Жоба мәтіні:

«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және Басқарма қызметінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлықты және оның тәуекелдерін болдырмауға бағытталған шектеулер, іс-әрекеттер мен шешімдер жүйесін білдіреді.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті арттыру, тәуекелдерін болдырмау, құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
    3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
    1) Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру және функционалдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулерді ұстану, әрекет ету;
    2) сыбайлас жемқорлықтың көріністері мен тәуекелдеріне тұрақты өзара және жауапты лауазымды тұлғалармен мониторинг жасау, қарсы мәдениетті қалыптастыру, мүдделер қақтығысын болғызбау, құқық бұзушылықтар анықтау, ол туралы хабардар ету, салдарларын жою;
    3) Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру.
    4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Басқарма қызметінің барлық салаларында және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде қолданылады.
    5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің орындауы үшін міндетті және орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапты болады.
    6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стандартты  өзгерту «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі.

2. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мен әрекеті

 

  1. Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жасау кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын қолдану және ұстану.
  2. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақталуын, қорғалуын қамтамасыз ету, өзге де заңды құқықтарын талап ету жағдайларында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте, мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау.
  3. Қабылданған әкімшілік актілер заңды, негізделген, түсіну үшін анық, бірізді қолдануды қамтамасыз етуге, оның күші қолданылатын адамдар қатарын толық айқындау.
  4. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын әкімшілік актілер қабылдауда ашықтығын қамтамасыз ету.
  5. Адал, әділ, ашық, сыпайы және клиентке бағдарланған болу, жеке және заңды тұлғалармен, олардың өкілдерімен қарым-қатынаста қызметтік әдеп стандарттарын сақтау.
  6. Өз әрекеттері және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп бермеу, сын үшін қудалауға жол бермеу, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды қолдану.

7. Мүліктік немесе өзге де материалдық және материалдық емес игіліктер алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттіктерін заңсыз пайдалану жолымен жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге жол бермеу.

 

3. Мемлекеттік қызметшілердің өз құзыреті шегінде міндеттерін
орындау кезінде мінез-құлқы және әрекеті

 

  1. Мемлекеттік қызметшінің лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалған өз лауазымдық міндеттеріне сәйкес функцияларды қатаң түрде орындау.
  2. Жеке және заңды тұлғаларға артықшылық бермеу, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болу.
  3. Орындау үшін алынған тапсырманың заңдылығына күмәнданғаны туралы тікелей басшыға дереу жазбаша нысанда хабарлау, одан ресми түсіндірме алу.
  4. Жасалған немесе жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты басшылыққа дереу баяндау.
  5. Мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелерде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға және өзге де бірнеше мемлекеттік органдардың қатысумен қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ұжымдық жиындарға қатысу кезінде қызметтік ақпаратты басшылықтың рұқсатынсыз жарияламау, олардың қабылданатын шешімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар болуы мүмкін жағдайлары анықталса, басшылыққа хабарлап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңдылығына көз жеткізген соң ғана, басшылықтың рұқсатымен басқарма тарапынан шешімге басқарма жауабын ұсыну (қолдау немесе қолдамау).
  6. Басшылықпен бағынысты лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындау.
  7. Мүдделер қақтығысына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жою жөнінде шаралар қабылдау.
  8. Егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына қатысса, жоғары тұрған басшылыққа жүгіну.
  9. Мемлекеттік қызметшілердің қызметінің нәтижелерін бағалау,
    сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту.
  10. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қолданыстағы кешенді шаралар қабылдау.
  11. Қызметтен тыс сипаттағы  мәселелерді  шешу  кезінде қарамағындағы мемлекеттік қызметшілердің қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайды пайдаланбау.

 

4. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік
қызметтерді көрсету кезінде мінез-құлқы және әрекеті

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін қажетті өзге де нормативтік актілердің талаптарын сақталуын қамтамасыз ету.
  2. Қызмет алушылармен тікелей байланысын барынша азайту мақсатында электрондық түрде көрсетілетін жолмен жүзеге асыру.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бөлігінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау және ішкі тексеру іс-шараларын жүзеге асыру.
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген құжаттар тізбесінен бөлек және ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды қызмет алушылардан талап етпеу.
  5. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің көрсетліген құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
  6. Көрсетілетін қызметті алушылардан ұсынылуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен регламенттелмеген құжаттарды талап ету.
  7. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу кезінде объективтілік пен әділдік қағидатын ұстану.
  8. Мемлекеттік қызметті көрсеткенде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бар тәукелдердің салдарын жою жөнінде жан-жақты шараларды қабылдау.
  9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуын және өзектендіруді қамтамасыз ету.

 

5. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік сатып алу кезінде
мінез-құлқы және әрекеті

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау.
  2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру.
  3. Мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығын сақтау.
  4. Әлеуетті өнім берушілрдің дербес деректерін өңдеу кезінде ақпарат пен материалдарды үшінші тарапқа берілуін болдырмау.
  5. Қабылданған шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету:
    1) ақша қаражатын жұмсауды жүзеге асыру;
    2) ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
    3) материалдық қорлар мен негізгі құралдарды беру және есептен шығару, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау жөніндегі бастапқы құжаттарды (жүкқұжаттарды) ресімдеу;
    4) мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар жасау, енгізу.

6. Мемлекеттің қызметшілердің кадрлық іріктеу және мемлекеттік қызметке орналасу кезінде мінез-құлқы және әрекеті

  1. Кадрларды іріктеу кезінде «Қазақстан Республикасының мемлекетті қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және осы бағыттағы қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтау.
  2. Меритократия қағидатын сақтауды қамтамасыз ету.
  3. Кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеу.
  4. Қызметке қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті өткеру кезінде қойылатын міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру, жазбаша түрде таныстыру.
  5. Жақын туыстарының (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары, аталары, әжелері, немерелері), жұбай (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымда болуын, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысты лауазымда болуын болдырмау.
  6. Мемлекеттік қызметшілердің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу.
  7. Мемлекеттік қызметке қабылдануға ұсынылған мемлекеттік қызметшілерден қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленбеген құжаттарды талап етпеу.
  8. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қызметтік тергеп-тексерулерді объективті және жан-жақты әділ жүргізу.

7. Мемлекеттің қызметшілердің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде мінез-құлқы және әрекеті

  1. Нормативтік құқықтық актілердің  жобаларын  құруда
    Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу.
  2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау мен талқылауға жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті қатысуын қамтамасыз ету.
  3. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру.
  4. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мүдделі тұлғалармен келісуді қамтамасыз ету.
  5. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филалымен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің өкілдерімен келісу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
  6. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде ғылыми сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, экономикалық және басқа да реттелетін құқықтық қатынастарға байланысты) жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
  7. Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар немесе олардың белгілері бар нормаларды пайдаланбау.

8. Мемлекеттің қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мінез-құлқы және әрекеті

  1. Қазақстан халқының бірлігі мен ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау.
  2. Қоғамның мемлекеттік қызметке,  мемлекетке  және  оның институттарына деген сенімін сақтау және нығайту.
  3. Мемлекет мүдделеріне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне кедергі келтіретін немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру.
  4. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, оның ішінде қызметтік автокөлік құралдарын ұтымды және тек қызметтік мақсатта пайдалану.
  5. Қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтау, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы орындау, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану.
  6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік таныту.
  7. Әріптестерден жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды қолдау және талап ету.
  8. Жалпы қабылданған әдеп нормаларды ұстану, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеу.
  9. Іскерлік этикетті және рес ресми мінез-құлықты сақтау.
    10. Осы Басқарманың сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы стандартын қатаң сақтау.

Басқа шектеулер мен тыйымдар

1. Қолданыстағы заңнамада көзделген  жағдайларды  қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметпен айналыспау, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатыспау.

2. Педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi, резервтегі әскери қызмет өткеруді қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналыспау.

3. Өкiлдi органның депутаты болмау.

4. Өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiлі болмау.

5. Өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдаланбау.

6. Лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдаланбау.

7. Тәртіптік, әкімшілік не  қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар, сыбайлас жемқорлыққа әкелуі мүмкін өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу.

8. Мемлекеттік функцияларды орындаумен  үйлеспейтін  қызметпен айналыспау.

9. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасамау.

10. Жоғары тұрған не төмен тұрған, не онымен қызметте немесе жұмыста өзге де тәуелді лауазымды адаммен қаржылай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспау.

11. Лауазымдық өкілеттіктерді және оларға негізделген беделді жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол бермеу мақсатында қолданыстағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді қабылдау.