Аягөз ауданындағы ауыл шаруашылығы: даму ерекшеліктері мен перспективалары

Аягөз ауданындағы ауыл шаруашылығы: даму ерекшеліктері мен перспективалары

Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы белсенді дамуда. Оның негiзгi бағдары мал шаруашылығы болып табылады. Ауданның ауыл шаруашылығының ерекшелігі көпсалалығында, мұнда етті, сүтті бағыттағы ірі қара мал, түрлі тұқымды қой мен жылқы өсіріледі.

Өңірде агроөнеркәсіп кешені бойынша ағымдағы жылдың 8 айында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 18 млрд. теңгені құрады. Осы кезеңде ірі қара малы -126 мың басқа, ұсақ мүйізді малы – 245 мың басқа , жылқы малы -  84 мың басқа жетті.

2024 жылдың 1 қыркүйегіне ауданда 1,02 мың тонна ет, 2 мың тонна сүт және 4 млн дана жұмыртқа өндірілді. Өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет 12%, жұмыртқа 0,1 % өсті.

Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, қаржыландырудың бірнеше бағытын ұсынуда. Аягөз ауданның ауыл шаруашылығы саласына 2024 жылдың І-ші жартыжылдығына 2,5 млрд. теңгеге жуық қаржысы тартылып, өткен жылмен салыстырғанда өсімі екі есеге ұлғайған.

Атап айтқанда, «Қазагроқаржы» АҚ «Ауыл шаруашылық техникаларын алу» бойынша 801 млн 730 мың теңгеге 55 шаруа қожалықтары техника алып, базаның жаңаруы 23,5 % құрады. Заманауи техника алған шаруа қожалықтардың жұмыс өнімділігі арта түсті.

Ал, «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 24 жоба бойынша 541 290 мың теңге несие алынса, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша былтырғы жылы 514 млн. 700 мың теңге несие алған 88 жоба орындалды.

2024 жыл басынан бүгінгі күнге мал шаруашылығы саласы бойынша 1 млрд 131 млн. теңге көлемінде  283 өтінімдерге қайтарымсыз қаржы аударылды.

Ауыл шаруашылығы саласындағы оң нәтижелер осымен аяқталмайды. Жалпы, Аягөз ауданында 1 615 шаруа қожалықтары бар. Мал шаруашылығында асыл тұқымды малдың маңызы зор. Ол малдың өміршеңдігі мен өнімділігін, өсім саны мен сапасын арттырудың тиімді тәсілі. Ауданда 102 шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара малын өсірумен айналысады, оның 31 шаруа қожалығы қазақтың ақбас асыл тұқымды және 9 шаруа қожалығы асыл тұқымды қой малының Республикалық палатасының мүшеліктерінде. Аудан бойынша 16 242 бас асыл тұқымды ірі қара малы және 7 429 бас асыл тұқымды қой малы тіркелген. Олардың қатарында, «Бектас», «Бексұлтан» шаруа қожалықтары.

Ауданда ірі инвестициялық жоба салуға инвестиция тарту мақсатында 16,2 гектар аумағына инженерлік коммуникацияларымен толыққанды жабдықталған алаң бар. Мемлекет тарапынан қаржыландырылған бұл алаңға ет комбинаты немесе ірі агроөнеркәсіптік кешенді жобаларды салуға үлкен мүмкіншіліктерге ие. Осы бағытта Абай облысы әкімдігімен шетелдік инвесторлар табуда тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

Жоғары айтылғандарды ескере отырып, Аягөз ауданының мал шаруашылығының дами түсуі облысымыздың ауыл шаруашылығы экономикасына айтарлықтай әсері бар деп айта аламыз.