Ағымдағы жылы егін жинау алаңы 749,5 мың га (оның ішінде дәнді дақылдар – 299,0 мың га, майлы дақылдар 295,8 мың га, картоп 5,8 мың.га, көкеністер 5,4 мың.га, 143,5 мың га жем-шөп дақылдары) құрап отыр.
Бүгінгі күнге барлық 299,0 мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар аланының 90,8% жиналды.
Орташа өнімділік 15,1 ц/га құрап, 409,7 мың тонна астық бастырылды.
Соның ішінде, бидай жинау алаңы 239,0 мың га құрайды. Бүгінгі күні 218,0 мың га аумақтан, 329,6 мың тоннадан астам өнім алынды.
Картопты жинау алаңы 5,8 мың га, бүгінгі күні 5,0 мың га жиналды, орташа өнімділігі 224,0 ц/га құрап, 112,0 мың тонна жиналды.
Көкөніс дақылдарын жинау алаңы 5,4 мың га құрайды. Қазіргі уақытта 4,8 мың га жиналып, орташа өнімділік 230,3 ц/га құрады, 109,9 мың тонна өнім жиналды.
Сонымен қатар, облыста майлы дақылдарды жинау жұмыстары басталынды. Жоспар 295,8 мың га. Бүгінде 11 мың га алаңда 11 мың тонна жиналды.
Егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін АШТӨ өтінімдері бойынша (250 теңге/литр бағамен) 11,3 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.
Қазіргі уақытта 4 мың трактор, 2,4 мың комбайн, 700 орақ (жатка) егін жинауға тартылды.
Күзгі дала жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр.
Сонымен қатар, Басқармамен бақылауда тұрған тағы мәселенің бірі – ауыл шаруашылығы жануарларын қажетті азықпен толыққанды қамтамасыз ету.
Ағымдағы жылдың 2 қазандағы жедел деректерге сәйкес облыс бойынша өтпелі қалдық ескеріле отырып 1 720,0 мың тонна шөп (99,5%), 48,8 мың тонна пішен (100%), 53,9 мың тонна сүрлем (90,9%), 85,1 мың тонна (100%) сабан, 109,8 мың тонна кұнарлындырылған жем (93,2%) дайындалды.