Жылқы шаруашылығы ауыл шаруашылығының мамандандырылған саласына айналуда

Жылқы шаруашылығы ауыл шаруашылығының мамандандырылған саласына айналуда

Жылқы өсіру, мал шаруашылығының ең көне салаларының бірі. Статистика Департаментінің мәліметінше, облыста 385 мыңға жуық жылқы басы бар.

2023 жылы облыс шаруашылықтарының барлық санаттары тірі салмағы 47,6 мың тонна жылқы етін өндірді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда + 4,8% -ға артық. Облыстың құрылған кезеңінен бері жыл сайын жылқы еті өндірісінің көлемінде тұрақтылық байқалатынын атап өткен жөн. Жылқы еті өндірісінің көлеміндегі ең үлкен үлес салмағын шаруа қожалықтары - 66,4%, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесіне көлемнің 0,4%, жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесіне - 33,3% тиесілі. 2023 жылы бір жылқының орташа тірі салмағы 343 кг құрады. Алайда, облыстың әртүрлі өңірлерінде, сондай-ақ жылқылардың тұқымына, ұстау және өсіру әдістеріне байланысты бұл көрсеткіш бірдей емес.

Жылқы шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің бірі биенің сүті болып табылады. Бие сүтін өндіруді ұлғайтудың белгілі бір экономикалық және практикалық маңызы бар. 2023 жылы бие сүтінің өндірісі 987,6 тоннаны құрады.

Өңірдің осы саладағы жетістіктерінің бірі қымыз, саумалдан жасалған балмұздақ цехын ашу болып табылады.

Абай облысында жылқы шаруашылығы мамандандырылған салаға айналуда. Жылқылардың өнімділігін арттыру бойынша жұмыста ғылыми тәсілдер белсенді қолданылады.

Атап айтқанда, Бесқарағай ауданының шаруа қожалығының ғалымдармен бірлескен 30 жылдық жұмысының қорытындысы бойынша 2022 жылы жергілікті қазақ биелерін зауыттық тұқымды айғырлармен будандастыру арқылы облыста қазақ жылқыларының екі түрі - Шойынқара және Байторалар шығарылды.

Сонымен қатар, 2024 жылдың тамызында аталған ауданда «Ертіс» атты қазақ мұғалжар жылқы тұқымының жаңа зауыттық түрі таныстырылды.

Осылайша, мақсатты селекциялық-асыл тұқымды жұмыс, бие сүтін қарқынды өндіру жылқы шаруашылығының одан әрі дамуына ықпал етеді.