Шегіртке зиянкестеріне қарсы облыстық штаб отырысы өтті

Шегіртке зиянкестеріне қарсы облыстық штаб отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 4 маусымында Абай облысы әкімінің орынбасары Думан Оспановтың төрағалығымен өңір аумағында шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарының барысын талқылауға арналған облыстық штаб отырысы өтті.

Жиынға Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Мұхтар Жанабаев, сондай-ақ «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Абай облыстық филиалының басшысы Мәди Бектемиров қатысты.

Сонымен қатар, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары штаб отырысына бейнеконференция байланысы (Zoom платформасы) арқылы қатысты.

Отырыс барысында облыс аумағында шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізіліп жатқан фитосанитариялық іс-шаралардың барысы, жоспарланған өңдеу көлемдерінің орындалуы, жұмылдырылған техника мен күштердің дайындығы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды.