Абай облысында саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы 15,5 мың га алаң өңделді

Абай облысында саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы 15,5 мың га алаң өңделді

Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік филиалының деректеріне сәйкес, 2026 жылы облыс аумағында саяқ шегірткелерге қарсы өңдеудің жалпы есептік ауданы 62,094 мың гектарды құрайды.

Шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 2026 жылғы 13 мамырда басталды. Қазіргі таңда өңдеу жұмыстары саяқ шегірткеге қарсы 15 487 га жүргізілді.

Өңдеу жұмыстары Абай ауданында 1 200 гектар, Ақсуат ауданында 2 850 гектар, Аягөз ауданында 2 940 гектар, Бесқарағай ауданында 957 гектар, Бородулиха ауданында 460 гектар, Жаңасемей ауданында 1 310 гектар, Жарма ауданында 950 гектар, Көкпекті ауданында 1 000 гектар, Мақаншы ауданында 900 гектар және Үржар ауданында 2 920 гектар аумақта жүргізілді.

Зиянкестерге қарсы іс-шараларды жүргізуге 16 бірлік жерүсті бүріккіш техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар, қосымша 2 бірлік аэрозольді генератор өңірге жеткізілу үстінде.

Шегіртке зиянкестерінің таралуын болдырмау және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау мақсатындағы жұмыстар тұрақты бақылауда және бекітілген жоспарға сәйкес жалғасады.