«ҚазАгроҚаржы» АҚ Абай облысында Ашық есік күнін және ауыл шаруашылығы техникасының кілттерін табыстау рәсімін өткізді

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Абай облысында Ашық есік күнін және ауыл шаруашылығы техникасының кілттерін табыстау рәсімін өткізді

2026 жылғы 29 мамыр күні Семей қаласында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ашық есік күнін өткізіп, оның аясында Абай облысының шаруа қожалықтарының басшыларына заманауи ауыл шаруашылығы техникасының кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі ұйымдастырылды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, аграрлық бизнес саласының мамандары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және компанияның серіктестері қатысты.

Ресми құттықтау сөзбен Абай облысы әкімінің орынбасары Оспанов Думан Рысбекұлы және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жұмжаев Еркебұлан Ерланұлы сөз сөйледі.

Іс-шара барысында отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау және ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың маңызды бағыттарының бірі екені атап өтілді.

Ашық есік күнінің басты оқиғасы — Абай облысындағы шаруа қожалықтарының басшыларына жаңа ауыл шаруашылығы техникасының кілттерін табыстау рәсімі болды. Табысталған техника аграршыларға өндіріс тиімділігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту және қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып, аграрлық сектордың тұрақты дамуына және отандық фермерлерді қолдауға жағдай жасауда.