Абай облысында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу басталды

Абай облысында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу басталды

Ағымдағы 2026 жылы Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік филиалының деректері бойынша  саяқ  шегірткелерге қарсы өңдеудің жалпы алаңы 62,094 мың га құрайды.

Саяқ шегірткелерге қарсы іс-шараларды жүргізуге 2026 жылы  жергілікті бюджеттен 148,158 млн теңге қаражат бөлінді.

Қазіргі таңда Үржар ауданы бойынша 40 га өңдеу жұмыстары басталды. Өңдеу жұмыстарына 2 бірлік жер үсті желдеткіш бүріккіштер жұмылдырылуда.