Көкпекті ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу аясында гидротехникалық құрылыстар тексерілді

Көкпекті ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу аясында гидротехникалық құрылыстар тексерілді

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Абай облысы әкімдігінің тасқынға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Абай су қоймалары» КММ теңгеріміндегі Көкпекті ауданында орналасқан 3 гидротехникалық нысанға кешенді көзбен шолу жұмыстарын жүргізді.

 Іс-шаралардың негізгі мақсаты – көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу, су қоймаларының техникалық жай-күйін бағалау және олардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Атап айтқанда, Көкпекті ауылы ішіндегі «Көкпекті» тоғаны, Үлкен-Бөкен ауылындағы «Үлкенбөкен» су қоймасы және Приображенка ауылындағы «Талменка» тоғаны тексерілді. Тексеру барысында гидротехникалық құрылыстардың негізгі элементтерінің, атап айтқанда бөгеттердің, су ағызу арналарының, су өткізу құрылғыларының және жағалау бөліктерінің жағдайына ерекше назар аударылды.

Аталған жұмыстар су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізуге, елді мекендерді су басу қаупін төмендетуге және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.